Иван Дычконың жеңісін тартып алды ма? Лас-Вегастағы жанжал

Иван Дычконың жеңісін тартып алды ма? Лас-Вегастағы жанжал
Бокс

АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өткен бокс кешінде қазақстандық Иван Дычко америкалық Джермейн Франклинмен қолғап түйістірді, деп хабарлайды Bassport.kz. 

Он раундқа созылған айқаста Дычко басымдық танытып, қашықтықты бақылауда ұстады. Жеңіл қозғалыс пен джебтердің арқасында қазақстандық боксшы алғашқы алты раундта айқын артықшылыққа ие болды. Ал қарсыласы Франклин көбіне енжар көрініп, тек эпизодтық шабуылдар жасай алды. 

Дегенмен, финалдық гонгтан кейін төрешілердің бірауыздан шығарған шешімі жанкүйерлер арасында үлкен сынға ұшырады. Қазылар жеңісті Франклинге беріп, Дычко кәсіби мансабындағы алғашқы жеңілісін тіркеді (15–1). Бұл шешім бокс жанкүйерлерінің тарапынан «әділетсіз» деп бағаланды. 

Көпшіліктің пікірінше, Дычко жеңіске лайық болды, алайда төрешілердің шешімі бокс кешінің әділдігіне күмән туғызды.