“Қайрат” - “Реал” билеттері қашан шығатыны белгілі болды

Орталық стадионда өтетін «Қайрат» пен әлемнің ең атақты клубтарының бірі – мадридтік «Реал» арасындағы матчқа билеттер 23 қыркүйек күні сағат 17:00-де сатылымға шығады.
Сатып алуға болатын ресми арналар: Qairat.kz клубтың ресми сайты, Qairat SuperApp қосымшасы және Ticketon платформасы. Әр жанкүйер бір ЖСН арқылы екі билет қана рәсімдей алады, деректер қатаң тексеріледі.
UEFA Чемпиондар лигасының ережесіне сәйкес, барлық үй матчтарына билет бағасы бір деңгейде бекітілген – 30 мың теңгеден 250 мың теңгеге дейін. Бұл баға халықаралық стандарттарға сай белгіленіп отыр. Қазақстан футболының тарихында алғаш рет жергілікті клуб Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде әйгілі «Реал Мадридті» қабылдайды.
Сарапшылар сұраныстың аса жоғары болатынын болжайды, сондықтан жанкүйерлерге билеттерді алдын ала рәсімдеуге кеңес береді.