Аққалықов Азия ойындарындағы алғашқы кездесуінде жеңіліп қалды
ҚБФ
Қазақстандық боксшы Сабыржан Аққалықов 80 келіге дейінгі салмақта Жапонияда өтіп жатқан Азия ойындарымен ерте қоштасты, деп хабарлайды Bassport.kz.
Отандасымыз Оңтүстік Корея өкілі Минсон Киммен шаршы алаңға шықты. Жекпе-жектің алғашқы раундында Ким белсенді болып, бірқатар соққы жұмсағанымен, Аққалықов қарсы шабуылға шығып, сауатты жұдырықтасты. Осылайша ол алғашқы раундты 10:9 есебімен өз пайдасына аяқтады. Екінші раундта қазақстандық боксшы еркінірек әрекет еткенімен, қарсыласының соққыларын жиі өткізіп алды. Нәтижесінде Ким бұл жолы 3:2 есебімен басым түсті.
Шешуші үшінші раундта оңтүстіккореялық боксшы нәтижелі соққыларын арттырып, тартысты кездесуде жеңіске жетті. Қорытынды есеп – 3:2.
Өкінішке қарай, Сабыржан Аққалықов үшін Азия ойындары ерте аяқтады.