Жеңіл атлетика: Кристина Морозова Азия ойындарының күміс жүлдесін иеленді

Жеңіл атлетика: Кристина Морозова Азия ойындарының күміс жүлдесін иеленді
Басқа

ҰОК

Аичи және Нагояда (Жапония) өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында жеңіл атлетикадан жарыстар басталды. Бұл спорт түріндегі алғашқы жүлделер жартылай марафон қашықтығындағы спорттық жүрістен сарапқа салынды, деп хабарлайды Bassport.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап. 

Әйелдер арасындағы бәсекеде Қазақстан өкілі Кристина Морозова 1:35:25 нәтижесімен күміс медаль жеңіп алды. 

Жарыста Қытай спортшысы Ян Люцзин 1:33:40 уақыт көрсеткішімен жеңіске жетті. Үздік үштікті тағы бір қытайлық спортшы Юньянь Цзян 1:35:26 нәтижесімен түйіндеді. 

Қазақстан құрамасының тағы бір мүшесі Эльмира Калимуллина 1:43:21 нәтижесімен алтыншы орынға ие болды.