Академиялық ескек есуден 2 спортшымыз В финалына өтті
Нұрғали Жұмағазы
Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарында академиялық ескек есуден бәсекелер басталды.
Алғашқы жарыс күнінде отандастарымыз екі В финалына жолдама алды, деп хабарлайды Bassport.kz ҰОК-ге сілтеме жасап.
Асханбек Бапан жекелей сайыста 7:00.52 уақыт көрсеткішімен сегізінші орынға жайғасып, В финалына өтті.
Сондай-ақ Алексей Красновский мен Владислав Галкин жұптық екілікте 6:36.28 уақыт нәтижесімен бесінші орын алып, В финалына өтті.