Стенд ату: Әсем Орынбай Азия ойындарының күміс жүлдесіне ие болды
Сали Сабиров
Стенд атудан Қазақстан құрамасының өкілі Әсем Орынбай Аичи мен Нагояда (Жапония) өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Bassport.kz ҰОК-ге сілтеме жасап.
Скиттен әйелдер арасында өткен жекелей сында қазақстандық спортшы финалда 28 нысананы дәл көздеп, үшінші орынға ие болды. Алтын медальді 35 нысананы дәл көздеген Қытай өкілі Цзян Итин жеңіп алды. Таиланд спортшысы Исарапа Импрасертсук 31 нысананы атып, күміс жүлдеге қол жеткізді. Қазақстанның тағы бір өкілі Зоя Пискун 18 нысананы дәл көздеп, алтыншы орынмен жарысты аяқтады. Бұл – Әсем Орынбайдың осы Азия ойындарындағы екінші медалі. Бұған дейін ол Зоя Пискун және Адель Садақбаевамен бірге командалық есепте күміс жүлде иеленген.
Айта кетейік, Әсем Орынбай Азия ойындарында скиттен жекелей сында қатарынан екінші рет қола медаль жеңіп алып отыр. 2022 жылы Ханчжоуда өткен құрлық додасында да ол үшінші орын алған. Сонымен қатар сол жарыста қазақстандық спортшы әйелдер арасындағы командалық және аралас командалық сайыстарда алтыннан алқа таққан.