Абылайхан Жүсіпов қарсыласын нокаутпен жеңді

Абылайхан Жүсіпов қарсыласын нокаутпен жеңді
Бокс

Бүгін Абылайхан Жүсіпов Миннеаполистегі (АҚШ) шаршы алаңда америкалық боксшы Демаркус Лейтонды нокаутпен жеңді.

Жалпы алты раунд өтеді деп жоспарланған жартылай орта салмақтағы жекпе-жек екінші үш минуттықта жерлесіміздің қарсыласын нокаутқа жіберуімен аяқталды. Бұл - Абылайхан Жүсіповтің кәсіпқой бокстағы екінші жеңісі.