Кособуцкий 19-жеңісіне қол жеткізді

Кособуцкий 19-жеңісіне қол жеткізді
Бокс

Германияның Оберхаузен қаласында өткен бокс кешінде қазақстандық боксшы Жан Кособуцкий неміс спортшысы Хусейн Мұхаммедпен кездесті. 

Аса ауыр салмақта 10 раундқа есептелген кездесу үшінші 3 минуттықта жерлесіміздің жеңісімен аяқталды. Кособуцкий бірінші, екінші және үшінші раундтарда қарсыласын төрт рет нокдаунға түсіріп, ақырында нокаутқа жіберді. 

Осылайша, Жан Кособуцкий кәсіпқой бокстағы 19-жеңісіне қол жеткізіп, WBC International бойынша аса ауыр салмақтағы чемпиондық атағын сақтап қалды.