Астанада «Дала қырандары» республикалық турнирі өтті

Астанада «Дала қырандары» республикалық турнирі өтті
Күрес

Елордада Ж.Үшкемпіров атындағы «Жекпе-жек» сарайында «Дала қырандары» республикалық турнирі өтті.

Жарысқа 50, 60, 66, 74, 82, 90, 100, +100 келі салмақ дәрежелерінде 64 балуан бақ сынасты. 


Жыл бойы өткен 5 рейтингтік турнир нәтижелері бойынша  8 салмақтың «Бас балуандары» анықталды.

Олар:

55 кг. – Бекжан Төлепов (Қызылорда обл.)

60 кг. – Марат Нигматуллаев (Алматы қ.)

66 кг.  – Нұр Аманшүкіров (Жамбыл обл.)

74 кг.  – Жұмажан Қожамбеков (Шымкент қ.)

82 кг.  – Айдын Дартаев (Ұлытау обл.)

90 кг. – Тоқтарбек Айдарбек (Түркістан обл.)

100 кг.  – Мұхит Тұрсынов (СҚО)

+100 кг.  – Нұрдәулет Жарылғапов (Маңғыстау обл.)

Жеңімпаздар алдағы желтоқсан айында Астана қаласында қазақ күресінен өтетін Әлем чемпионатына іріктелді. Сөйтіп, олар бәсі биік додада ел намысын қорғайды.