Қазақстан дзюдошылары әлем чемпионатынан қос қола алды

Қазақстан дзюдошылары әлем чемпионатынан қос қола алды
Дзюдо

KJF

Дзюдодан Ташкентте әскерилер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық екі спортшы қола жүлдегер атанды. Bassport.kz бұл туралы 1bol.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.  

Әйелдер арасында Екатерина Токарева -78 келіде қола жүлде үшін күресте өзбекстандық дзюдошыны иппон ұпайымен қапы қалдырды. Сонымен бірге, аса ауыр салмақта Кәмила Берліқаш ұлттық құрама қоржынына кезекті қола жүлдені салды. Белгілі дзюдошы үшінші орын үшін белдесуде Франция спортшысын 6 секундта иппонмен жеңді. 

Аталған чемпионаттың бірінші жарыс күнінде ерлер арасында 60 келіде қазақстандық қос дзюдошы финалға шыққан болатын. Нәтижесінде Нұрқанат Серікбаев чемпион атанса, Шерзод Давлатов күміс жүлдегер атанды. Ал 66 келіде Жанарыс Рахметқали қола жүлдеге ие болды.