Қазақстан халықаралық турнирде Өзбекстанмен кім мықтыны анықтайды

Қазақстан халықаралық турнирде Өзбекстанмен кім мықтыны анықтайды
Футбол

ҚФФ

15 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы таланттар кубогы халықаралық турниріне қатысады. Bassport.kz бұл туралы Prosports.kz-ке сілтеме жасап хаюарлайды. 

Жарыс Қырғызстан астанасы Бішкекте 22-26 қазан аралығында өтеді. Жарысқа Қазақстанның 15 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасынан бөлек, Қырғызстан, Бахрейн және Өзбекстанның 2010 жылы туған жастар құрамалары қатысады. 

15 жасқа дейінгі Қазақстан құрамасы турнирде әр қатысушымен бір ойын өткізеді. Ұлттық академия ойыншылары алдағы турнирге Талғардағы ҚФФ командаларының базасында дайындалуда.