Грек-рим: Әлем чемпионатына қатысатын балуандар белгілі болды

Грек-рим: Әлем чемпионатына қатысатын балуандар белгілі болды
Күрес

ҰОК

Қазан айының соңында Албанияда күрес түрлерінен олимпиадалық емес салмақ дәрежелері бойынша әлем чемпионаты өтеді. Аталған сында грек-рим күресінен сынға түсетін ұлттық құрама балуандары анықталды. Bassport.kz бұл туралы 1bol.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Тиранада 29-31 қазан күндері аралығында ұлттық құрама сапында классикалық күрестен 4 балуан белдеседі. 

55 кг: Исхар Курбаев

63 кг: Ержет Жарылқасын

72 кг: Мейіржан Шермаханбет

82 кг: Евгений Поливадов

Бұған дейін аталған сында белдесетін еркін және әйелдер құрамасының балуандары анықталды. Олардың қатарында әлем чемпионатының жүлдегерлері Нұрқожа Қайпанов пен Жәмила Бақбергенова да бар.