Қуат Хамитов әйгілі дағыстандық спортшымен жекпе-жек өткізеді

Қуат Хамитов әйгілі дағыстандық спортшымен жекпе-жек өткізеді
Жекпе-жек

Ашық дереккөз

Қазақстандық аралас жекпе-жек майталманы Қуат Хамитов кезекті рет кәсіпқой бокстың шаршы алаңына шығады. Bassport.kz бұл туралы Prosports.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

“Найман” лақап атымен танылған танымал аралас жекпе-жек майталманы Қуат Хамитов кәсіпқой бокстағы екінші жекпе-жегін өткізеді. Ол 27 желтоқсан күні өтетін AllStarsBoxing кешінде танымал дағыстандық спортшы Мариф Пираевке қарсы жұдырықтасады. Қос спортшы да ММА спортының өкілі болса да, бокс ережесімен жекпе-жек өткізуге келісімін берген. 

Бұған дейін екеуі ММА спортында жекпе-жекке шығып, Мариф Пираев жеңіске жеткен еді. Айта кетейік, AllStarsBoxing-тің алғашқы турнирінде Қуат Хамитов жақын досы Нұрберген Шариповке қарсы жұдырықтасып, жеңіске жеткен еді.