Нұрқанат Серікбаев – әскерилер арасында әлем чемпионы

Нұрқанат Серікбаев – әскерилер арасында әлем чемпионы
Күрес

Спортты дамыту дирекциясы

Дзюдодан әскерилер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында жерлестеріміз бірнеше жүлде жеңіп алды. Bassport.kz бұл туралы Спортты дамыту дирекциясына сілтеме жасап хабарлайды. 

29 мемлекеттен 214 спортшы қатысып жатқан жарыстың алғашқы күнінде жерлестеріміз 1 алтын, 1 күміс, 2 қола жеңіп алды.

60 келіде Нұрқанат Серікбаев финалдық белдесуде отандасы Шерзод Давлатовты қосымша уақытта жеңіп кетті. Шерзод Давлатов күміс жүлдені қоржынға салды.

66 келіде Жанарыс Рахметқали Солтүстік Корея өкілі Ри Кум Сонгтан айласын асырды. Ал, 73 келіде Бақытжан Абдурахманов Армения спортшысы Артак Торосяннан басым түсті.