Бокстан Қазақстан құрамасының Азия ойындарындағы жарыс кестесі жарияланды

Бокстан Қазақстан құрамасының Азия ойындарындағы жарыс кестесі жарияланды
Жекпе-жек

Қазақстан бокс федерациясы

Бокстан Қазақстан ерлер және әйелдер құрамаларының 2026 жылғы Азия ойындарындағы жарыс кестесі белгілі болды, деп хабарлайды Bassport.kz Informsports.kz-ке сілтеме жасап. 

Азия ойындарында 21-26 қыркүйек аралығында алдын ала іріктеу кезеңі өтсе, 27-28 қыркүйекте ширек финал, 29-30 қыркүйекте жартылай финал болады. Финал 2 қазанға белгіленген. Құрлықтық бәсекеде Қазақстан ерлер құрамасынан 6, әйелдерден 5 боксшы шаршы алаңға шығады.

Азия ойындарында қазақстандық боксшылардың алғашқы қарсыластары белгілі болды. Әйелдер құрамасында Алуа Балқыбекова (51 келі) іріктеу кезеңін екінші сатысынан бастайды. Ол 1/8 финалда Сакши Чаудхари (Үндістан) - Аира Виллигас жұбының жеңімпазымен жолығады. Ал 1/8 финалда Назым Қызайбай (54 келі) қытайлық Ксуа Жао, Виктория Графеева (60 келі) қытайлық Линь Юй-Тинмен шеберлік байқасады. Сондай-ақ 1/4 финалда Аида Әбікеева (65 келі) Шу Ли (Қытай) - Кусум Таманг (Непал) жұбының жеңімпазымен кездессе, Наталья Богданова (75 келі) өзбекстандық Азиза Зокировамен шаршы алаңға шығады.

Ал ерлер құрамасында 1/8 финалда Махмұд Сабырхан (55 келі) Чон Рионг Со (Солтүстік Корея) - Мехди Каземи (Иран), Оразбек Асылқұлов (60 келі) Жун-ю Лин (Тайпей) - Донгхван Жанг (Оңтүстік Корея), Төрехан Сабырхан (70 келі), Дук Нгок Нгуен (Вьетнам) - Мохаммед Дбичи (Қатар) жұбының жеңімпазымен қолғап түйістіреді. Сондай-ақ 1/8 финалда Сабыржан Аққалықов (80 келі) Оңтүстік Корея боксшысы Минсеонг Ким, Нұрбек Оралбай (90 келі) ауғанстандық Силаб Нуримен шаршы алаңға шықса, Айбек Оралбай (90 келіден жоғары) 1/4 финалда Мирзакир Кошалиев (Қырғызстан) - Довлет Исламов (Түркіменстан) жұбының жеңімпазын күтеді.