Дзюдошы Фатима Сұпығалиева жасөспірімдер Олимпиадасында алтын алды

Дзюдошы Фатима Сұпығалиева жасөспірімдер Олимпиадасында алтын алды
Жекпе-жек

ҰОК

Дзюдодан Қазақстан құрамасының өкілі Фатима Сұпығалиева Дакарда (Сенегал) өтіп жатқан жасөспірімдер Олимпиадасында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Bassport.kz  ҰОК-ге сілтеме жасап. 

Финалда отандасымыз Португалия өкілі София Гаспармен кездесті. Нәтижесінде Сұпығалиева иппонмен мерзімінен бұрын жеңіске жетті. Ақтық белдесу 2 минут 33 секундта аяқталды. Осылайша Фатима Дакардағы Олимпиадада ұлттық құрама қоржынына алғашқы алтын медальді салды.