Абылайхан Жүсіповтың жекпе-жекке дайындығының видеосы жарияланды

Абылайхан Жүсіповтың жекпе-жекке дайындығының видеосы жарияланды
Бокс

Қазақстандық боксшы Абылайхан Жүсіпов (2-0, 1 КО) кәсіби рингте келесі жекпе-жекке белсенді дайындық жүргізуде.

Suleimen Promotions промоутерлік компаниясы отандасымыздың Лас-Вегастағы Top Rank залында жаттығуының видеосымен бөлісті.

"Жартылай орта салмақтағы спортшымыз Абылайхан Жүсіповтың кезекті қарсыласы белгілі болды. Отандасымыз америкалық Демаркус Лэйтонмен (8-3-1, 5 КО) жұдырықтасады. Демаркус бокстағы кәсіпқой мансабын 2016 жылы бастаған. Өткізген 8 кездесуінің барлығында да тек америкалықтармен ғана қолғап түйістірген", - делінген хабарламада.

5 қарашадағы кештің басты оқиғасы тағы бір отандық боксшы Айдос Ермосынұлының (16-0, 11 КО) екінші орта салмақтағы WBA әлем чемпионы кубалық Дэвид Моррельмен (7-0, 6 КО) жекпе-жегі болмақ.