Абылайхан Жүсіпов АҚШ-та жекпе-жек өткізеді

Абылайхан Жүсіпов АҚШ-та жекпе-жек өткізеді
Бокс

Танымал қазақстандық спортшы, әуесқой бокста Қазақстан құрамасының капитаны болған Абылайхан Жүсіпов профи-рингтегі келесі жекпе-жегін АҚШ-та өткізеді. Кездесу қараша айына жоспарланған. 

«Американың Миннеаполис қаласындағы «Арморей» аренада 5 қарашада өтетін Айдос Ербосынұлы мен Дэвид Морелл жекпе-жегінің андеркардында тағы бір боксшымыз – Абылайхан Жүсіпов өнер көрсетеді. Бұл оның кәсіпқой бокстағы екінші айқасы. Спортшымызға сәттілік тілейміз», - деп келтірілген боксшы командасының сөздері «Қазақстанның кәсіпқой боксы» Instagram-парақшасында.

Айта кетейік, әуесқой бокста әлем чемпионатының үш мәрте қола медалін жеңіп алған А.Жүсіпов қазіргі уақытта А.Ербосынұлымен бірге АҚШ-қа келіп, жекпе-жекке дайындалып жатыр.