Батумидегі Гран-при: Мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан құрамасының құрамы белгілі болды
Басқа
ҰОК
Халықаралық конькишілер одағы (ISU) мәнерлеп сырғанаудан Батумиде (Грузия) өтетін жасөспірімдер арасындағы Гран-при кезеңіне қатысушылардың алдын ала тізімін жариялады, деп хабарлайды Bassport.kz ҰОК-ге сілтеме жасап.
Қазақстан құрамасы жекелей сырғанауда және мұздағы биде сынға түседі.
Ерлер арасындағы жекелей сайыста Артур Смагулов өнер көрсетеді. Ал әйелдер арасында Мария Санникова бақ сынайды.
Ал мұздағы би бағдарламасында Ева Шелаева мен Иван Соловьев ел намысын қорғайды.
Айта кетейік, жарыс 24-26 қазан аралығында өтеді.