Қазақстандық гимнастар Мажарстандағы Challenge Cup турниріне қатысады
Басқа
ҰОК
18-20 қыркүйек аралығында Мажарстанның Сомбатхей қаласында спорттық гимнастикадан Challenge Cup турнирінің кезекті кезеңі өтеді. Қазақстан құрамасы сапында жарысқа бес спортшы қатысады, деп хабарлайды Bassport.kz ҰОК-ге сілтеме жасап.
Құрама сапына енген гимнасшылар:
- Асан Салимов (еркін жаттығу, сақиналардағы жаттығу, қол тіреп секіру)
- Эмиль Ахмеджанов (еркін жаттығу, қоссырық және кермедегі жаттығу)
- Дияс Тойшыбек (ат үстіндегі жаттығу, қоссырық және кермедегі жаттығу)
- Зейнолла Идрисов (ат үстіндегі жаттығу)
- Алтынхан Темірбек (сақиналардағы жаттығу, қол тіреп секіру)
Жарыс 20 қыркүйекте аяқталады.