Елордада шорт-тректен Қазақстан чемпионаты басталды

Елордада шорт-тректен Қазақстан чемпионаты басталды
Басқа

Olympic.kz

Бүгін, 15 қыркүйекте Астанада шорт-тректен Қазақстан чемпионаты басталды, деп хабарлайды Bassport.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап. 

Бұл жарыс 2026/27 жылғы маусымға арналған ұлттық құрама сапына іріктеу кезеңдерінің бірі. Қазақстан чемпионатының қорытындысы бойынша Әлем кубогы кезеңдері мен әлем чемпионатында ел намысын қорғайтын спортшылар анықталады. Жарыс жолына еліміздің шорт-тректен көшбасшы спортшыларының басым бөлігі шығады. Бәсекелер "Алау" мұз сарайында өтіп жатыр. Айта кетейік, ел чемпионаты 18 қыркүйекте мәресіне жетеді.