Бүгін футболдан Бірінші лиганың ХХІІ тур ойындары басталады
Kffleague.kz
Бүгін футболдан Бірінші лиганың ХХІІ тур ойындары өтеді, деп хабарлайды Bassport.kz Informsports.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл ойындар 10 және 11 қыркүйек күндеріне белгіленген.
Турнирлік кестенің көш басында келе жатқан «Шахтер» бұл жолы сырт алаңда Оралдың «Жайық» командасымен кездеседі. Ал, түркістандық «Тұран» сырт алаңда «Ақтөбе-2» клубымен шеберлік байқасады.
Тур аясындағы барлық матчтардың нақты уақыты мен кестесі төмендегідей:
10 қыркүйек:
16:00. «Қайрат-2» (Алматы) – «Астана-2»
16:00. «Елімай-2» (Семей) – «Академия Оңтүстік» (Шымкент)
17:00. «Ақтөбе-2» – «Тұран» (Түркістан)
11 қыркүйек:
16:00. «Батыр» (Павлодар облысы) – «Тобыл-2» (Қостанай)
17:00. «Жайық» (Орал) – «Шахтер» (Қарағанды)
18:00. «Каспий-2» (Ақтау) – «Арыс» (Түркістан облысы)
18:00. «Тараз» – «Хан тәңірі» (Алматы)