Ғалымжан Жылгелдиев: «Маусымның бастамасы жаман емес»

Ғалымжан Жылгелдиев: «Маусымның бастамасы жаман емес»
Дзюдодан Қазақстан командасының бас бапкері Ғалымжан Жылгелдиев Израильдің Тель-Авив қаласында өткен жылдың алғашқы ірі додасы – Grand Slam турнирін қорытындылап, қазақстандық дзюдошылардың аяқ алысына баға берді.
"Тель-Авивтегі турнир өте жоғары деңгейде өтті. 60 келіде күрескен екі жас балуанның екеуі де жүлдеге ілікті. Бауыржан Нарбаев күміс, Мағжан Шамшадин қола медаль иеленгені қуантады. 66 келіде ел намысын Елдос Сметов пен Ғұсман Қырғызбаев қорғады. Елдос екінші белдесуінде испаниялық спортшыға жол берді. Бұл жерде төрешілердің де қателік жібергенін ұмытпу керек. Ескерту санымен ұтылды. Ғұсман төрт кездесу өткізіп, қола медаль үшін өткен жекпе-жекте жеңіліп қалды", - дейді Ғалымжан Жылгелдиев.
Бас бапкердің айтуынша, 73 келідегі Жансай Смағұлов жақсы күресіп, турнирдің қола жүлдегері атанса, осы салмақта ел намысын қорғаған Данияр Шамшаевқа әлі де тәжірибе жинау керек, 2001 жылы туған жас спортшы ірі додаларға енді қатысып жүр екен. "81 келідегі Бекәділ Шаймерденов пен Асылхан Жұбаназар, 90 келідегі Дидар Хамза мен Ерсұлтан Мұзапаровтан өте сенімді күрес көрсетті. Маусым басындағы жарыс үшін жақсы нәтиже де ойлаймын. Ал 100 келіде сынға түскен Ислам Бозбаевқа әлі де дайындалу қажет. Ол шаршаңқы көрінді. Ерсұлтан Мұзапаров, Ерасыл Қажыбаев және Әділ Оразбаевтар өз деңгейінде күресті. Енді маусым бойы спортшыларды шыңдап, жетілдіреміз", - дейді бас бапкер. Алда Түркия және Грузия елдерінде ірі жарыстар өтеді. Спортшылар сол  сындарға дайындықтарын жалғастырады. Дереккөз: confederation.kz