Рыбакина Олимпиада чемпионын жеңіп, әлемнің бірінші ракеткасы атанды

Рыбакина Олимпиада чемпионын жеңіп, әлемнің бірінші ракеткасы атанды
Теннис

ҚТФ

Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Елена Рыбакина Нью-Йоркте өтіп жатқан АҚШ ашық чемпионатында тарихи жетістікке қол жеткізді. Отандасымыз US Open турнирінің жартылай финалына шығып, ресми түрде әлемнің бірінші ракеткасы атанды, деп хабарлайды Bassport.kz. 

Ширек финалдық кезеңде отандасымыз 2024 жылғы Олимпиада ойындарының алтын жүлдегері, қытайлық Чжэн Циньвэньмен шеберлік байқасты.Үш сетке созылған тартысты бәсеке 3:6, 6:1, 6:4 есебімен қазақстандық теннисшінің айқын жеңісімен аяқталды.

Матч барысында Елена алғашқы партияда қарсыласына есе жібергенімен, екінші сетте ойын тізгінін өз қолына алып, Чжэнге тек бір ғана гейм алуға мүмкіндік берді. Шешуші үшінші кезеңде де отандасымыз басымдығын сақтап, кездесуді жеңіспен түйіндеді.

Бұл жеңістің арқасында Рыбакина өзінің спорттық карьерасында алғаш рет US Open турнирінің жартылай финалына жолдама алды. Ең бастысы — осы сәтті матчтан кейін Елена WTA рейтингінде бірінші орынға көтерілді. Турнир қорытындысы жарияланған сәтте Рыбакина жекелей сында әлемдік рейтингіде көш бастаған тарихтағы тұңғыш қазақстандық спортшы ретінде ресми түрде тіркеледі.

Енді финалдық жолдама үшін Қазақстан өкілі ресейлік Мирра Андреева мен америкалық Коко Гауфф текетіресінің жеңімпазымен күш сынасады.