Бүгін әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионатының соңғы туры өтеді

Бүгін әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионатының соңғы туры өтеді
Футбол

Kffleague.kz

Бүгін әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионатының ХVІІІ туры басталады. Бұл турдағы ойындар 7 және 8 қыркүйек күндеріне белгіленген, деп хабарлайды Bassport.kz Informsports.kz-ке сілтеме жасап. 

Биылғы маусым отандық әйелдер футболы тарихындағы ең ауқымды әрі қызықты кезеңдердің бірі болмақ. Чемпионатқа 19 команда қатысып, лига екі конференцияға бөлінді. А конференциясында - 9 команда, В конференциясында - 10 команда ойнайды. Командалар екі кезеңдік жүйе бойынша өзара кездесу өткізеді. Одан кейін әр конференциядан 1 және 2 орын алған клубтар жартылай финал мен финалда чемпиондық үшін таласады. 

Бүгін, 7 қыркүйекте А конференциясында төрт, В конференциясында бір кездесу өтеді. Одан кейін 8 қыркүйекте В конференциясында ойындар жалғасады. 

7 қыркүйек

А конференциясы

15:00. «Ұлытау» (Жезқазған) - «Жетісу» (Талдықорған)

15:00. «Қайрат» (Алматы) - «Тұран» (Түркістан) 16:00. «Атырау» - «Ордабасы» (Шымкент) 16:00. БИІК (Шымкент) - «Каспий» (Ақтау)

В конференциясы

15:00. «Елімай» (Семей) - «Шахтер» (Қарағанды)

8 қыркүйек

В конференциясы

16:00. «Ақтөбе» - «Оқжетпес» (Көкшетау)

17:00. «Қызылжар» (Петропавл) - «Алтай» (Өскемен)

18:00. «Жеңіс» (Астана) - «Ертіс» (Павлодар) 19:00. «Астана» - «Тобыл» (Қостанай)

Биыл ел біріншілігінде «Ақтөбе», БИІК, «Тұран» клубтары жүлделі орындарға таласады деп күтіледі. Былтыр футболдан әйелдер лигасында «Ақтөбе» тұңғыш рет чемпион атанды.