Бекзат Алмахан UFC-ден кейінгі алғашқы жекпе-жегінің датасы анықталғанын хабарлады
Жекпе-жек
Бекзат Алмахан/Фото: Jeff Bottari/Zuffa LLC
Қазақстандық ММА файтері Бекзат Алмахан UFC-ден кеткеннен кейінгі алғашқы жекпе-жегінің уақыты белгілі болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Bassport.kz Informsports.kz-ке сілтеме жасап.
Спортшы әлеуметтік желідегі тікелей эфир кезінде жанкүйерлеріне келесі жекпе-жегінің уақыты мен датасы нақтыланғанын жеткізді.
– Ассалаумағалейкум. Жағдайларыңыз қалай, достар? Жекпе-жек бар, датасы белгілі, ал қай лигада өнерімді көрсететінімді жақын арада хабарлаймын, - деді отандық файтер мәлімдемесінде.
Әзірге Алмаханның жаңа тұрақтайтын ұйымы мен қарсыласының есімі құпия сақталып отыр.