Таеквондо: Нұрай Бауыржанова мен Рита Бакишева President Cup турнирінің қола жүлдесін иеленді
Жекпе-жек
olympic.kz
Қазақстандық таеквондошылар Пәкістанның Лахор қаласында өтіп жатқан халықаралық President Cup турнирінде екі қола медаль иеленді, деп хабарлайды Bassport.kz.
49 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен отандастарымыз Нұрай Бауыржанова мен Рита Бакишева сәтті өнер көрсетіп, жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтерілді.
Айта кетейік, дүбірлі дода 20 тамызға дейін жалғасады, сондықтан алдағы күндері ел қоржыны тағы да жүлдемен толығуы мүмкін.