Братиславадағы белдесу: Қазақстандық балуан Еуропа чемпионын жеңіп, финалға шықты
Жекпе-жек
olympic.kz
Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының өкілі Қазыбек Қалмағамбетов Словакияның Братислава қаласында өтіп жатқан U20 әлем чемпионатының финалына жолдама алды, деп хабарлайды Bassport.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Отандасымыз 67 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алтын медаль үшін күреседі. Жартылай финалда Қазыбек Мажарстан өкілі Петр Житовозды 7:5 есебімен жеңді. Оның финалдағы қарсыласы – Беларусь өкілі Михаил Марковский болмақ. Шешуші белдесу бүгін, 18 тамызда өтеді.
Айта кетейік, бұған дейін 77 келіге дейінгі салмақта үшінші орын үшін өткен белдесуде Еркебұлан Анапия Иран өкілі Амир Саеди Навадан жеңіліп, әлем чемпионатын бесінші орынмен аяқтаған еді.