Қазақстандық акробаттар АҚШ-тағы Бүкіләлемдік ойында қола жүлдегер атанды

Басқа
Қазақстандық акробаттар Даниель Диль мен Вадим Шуляр АҚШ-та өтіп жатқан Бүкәлемдік ойында қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Bassport.kz.
Бирмингемде өтіп жатқан әлемдік додада Даниель мен Вадим жұбы үздік үштіктен көрінді.
Олар АҚШ-тағы әлемдік турнирге Женевада өткен халықаралық сында жолдама ұтып алған болатын.
Ал әйелдер арасында сынға түскен Александра Рудакова мен Дамира Талғат жүлдеге қол созым жерден тоқтап, төртінші орын иеленді.