Қазақстандық клуб тарихта алғаш рет Чемпиондар лигасын жеңіп алды

Қазақстандық клуб тарихта алғаш рет Чемпиондар лигасын жеңіп алды
Волейбол

“Жетісу” ВК

Талдықорғанның әйелдер волейбол клубы “Жетісу” Азия чемпиондар лигасының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Bassport.kz.

Финалда “Жетісу” Вьетнамның “Бинх Диен Лонг Ан” командасын 3:1 есебімен (25:14, 20:25, 25:23, 25:18) жеңді.

Осылайша, “Жетісу” тарихында алғаш рет Азия чемпиондар лигасының кубогын иеленді. Бұған дейін талдықорғандық ұжым екі мәрте финалға шыққан еді - 2010 жылы таиландтық “Федербрау” клубына, ал 2013 жылы қытайлық “Гуандун Эвергрэндке” жол берген болатын.

Сонымен қатар “Жетісу” 2011 және 2014 жылдары Азия чемпиондар лигасының қола жүлдегері атанды.

Айта кетейік, “Жетісу” - Азия чемпиондар лигасын жеңіп алған төртінші қазақстандық клуб. Бұған дейін алматылық “Рахат” екі рет, ал Өскеменнің “Алтай” және Петропавлдың “Қуаныш” командалары чемпион атанған болатын.

Одан бөлек, “Жетісу” клубы 2025 жылы өтетін Клубтық әлем чемпионатына жолдама жеңіп алды.