Хорватия – чемпион, Қазақстан – 23-орында: Су добынан Загребтегі әлем біріншілігі аяқталды
Басқа
ҰОК
Хорватияның Загреб қаласында су добынан жасөспірімдер арасында әлем чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды Bassport.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Іріктеу кезеңінде Қазақстан құрамасы Сингапур мен Уругвайды жеңіп, Мысыр және Түркия құрамаларына есе жіберді. Осылайша Қазақстан құрамасы плей-офф кезеңіне өте алмай, сегізінші орыннан төмен орындар үшін күресті жалғастырды.
Қазақстан командасы алдымен Грузиядан 7:10 есебімен жеңіліп, кейін Канадаға 7:9 есебімен жол берді. Ал соңғы ойында спортшыларымыз Перуды 5:3 есебімен жеңді.
Нәтижесінде Қазақстан әлем чемпионатын 23-орынмен аяқтады.
Хорватия құрамасы алтын медаль жеңіп алды. Испания күміс жүлдеге ие болса, Сербия үшінші орынға жайғасты.