Таеквондо: Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Одинцоводан үш медальмен оралды

Таеквондо: Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Одинцоводан үш медальмен оралды
Жекпе-жек

Қазақстан таеквондо федерациясы

Ресейдің Одинцово қаласында таеквондодан өткен халықаралық турнирде Қазақстан жасөспірімдер құрамасы 3 медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Bassport.kz. 

Спортшыларымыз жарысты бір күміс және екі қола жүлдемен аяқтады. 68 келіден жоғары салмақ дәрежесінде Любовь Юн екінші орыннан көрінсе, осы салмақтағы отандасы Нұрила Жарас пен 68 келіге дейінгі санатта бақ сынаған Балгерім Өтеген қола жүлдегер атанды.