Жеңіл атлет Максим Сажнев әлем чемпионатының финалына жолдама алды
Басқа
Olympic.kz
Қазақстан құрамасы жеңіл атлетикадан АҚШ-тың Орегон штатындағы Юджин қаласында өтіп жатқан U20 әлем чемпионатындағы жарыстарын жалғастырып жатыр. Кезекті жарыс күнінде әлем чемпионатының финалына Максим Сажнев жолдама алды, деп хабарлайды Bassport.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Қазақстандық спортшы диск лақтырудан іріктеу кезеңінде 61,37 метр нәтиже көрсетті. Осылайша U20 санатында Қазақстан рекордын жаңартты. Сажнев финалға алтыншы орынмен шықты.
Айта кетейік, бұл сайыстағы жүлделер 9 тамызда сарапқа салынады.