Қазақстандық ауыр атлет Азия чемпионатында жеңіс тұғырына көтерілді
Басқа
ҰОК
Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының өкілі Бейбарыс Ерсейіт Өзбекстан астанасында өтіп жатқан 17 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия чемпионатында топ жарды, деп хабарлайды Bassport.kz.
Қазақстандық спортшы 65 келіге дейінгі салмақта қоссайыс қорытындысы бойынша 281 келі (129+152) көтеріп, алтын медальға ие болды.
Айта кетейік, Ерсейіт жұлқа көтеруде де үздік атанды. Спортшының екі нәтижесі де U17 санатындағы Азия рекорды ретінде тіркелді.