Қазақстан жасөспірімдер құрамасы триатлоннан Азия кубогы кезеңінде 2 алтын алды
Басқа
ҰОК
Қазақстан жасөспірімдер құрамасы триатлоннан Түркістанда өтіп жатқан Азия кубогы кезеңінде төрт медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Bassport.kz ҰОК-ге сілтеме жасап.
Ұлдар арасында Рамазан Әйнегов 21:59 нәтижесімен жарысты бірінші болып аяқтап, алтын медаль иеленді. Гор Депершмидт 22:04 көрсеткішімен екінші орынға тұрақтады. Ал Ресей спортшысы Илья Зотов 22:12 нәтижесімен үздік үштікті түйіндеді.
Қыздар арасындағы жарыста Алуа Нұрмұхамет 25:26 уақыт нәтижесін тіркеп, алтын жүлдеге қол жеткізді. Калерия Шнайдер 25:48 нәтижесімен екінші орын алды. Ресейлік Алёна Лопатина 25:50 көрсеткішімен үшінші орынға ие болды.
Айта кетейік, бір күн бұрын ересектер арасындағы жарыста Арлан Жаңабай күміс медаль жеңіп алған еді.