Дияр Нұрғожай UFC-де қарсыласын нокаутпен жеңді

Дияр Нұрғожай UFC-де қарсыласын нокаутпен жеңді
Жекпе-жек

Jeff Bottari/Zuffa LLC via Getty Images

Қазақстандық UFC файтері Дияр Нұрғожай Лас-Вегаста өткен UFC Fight Night 284 турнирінде ерекше жеңіске жетті, деп хабарлайды Bassport.kz Informsports.kz-ке сілтеме жасап. 

Жартылай ауыр салмақта өнер көрсететін 29 жастағы қазақстандық спортшы алдын ала кард аясында бразилиялық Бруно Лопеспен кездесті. Нұрғожай жекпе-жектің алғашқы минуттарынан-ақ қарсыласына қысым жасап, аяққа бағытталған ауыр соққыларымен және қол комбинацияларымен басымдық танытты. Бірінші раундтың соңына қарай қазақстандық файтер қарқынын күшейтіп, қарсыласын ауыр соққылардың астына алды. Төреші жекпе-жекті бірінші раундтың 4:59 минутында тоқтатты. Осылайша Дияр Нұрғожай гонг соғылуына небәрі бір секунд қалғанда техникалық нокаутпен жеңіске жетті. Бұл – Нұрғожайдың кәсіби мансабындағы 12-жеңісі. Оның қазіргі рекорды – 12 жеңіс және 2 жеңіліс. Сонымен қатар бұл қазақстандық спортшының UFC-дегі екінші жеңісі әрі промоушендегі алғашқы мерзімінен бұрын аяқтаған жекпе-жегі болды. Бұған дейін ол UFC-дегі жеңісіне төрешілер шешімімен қол жеткізген еді. Қазір оның ұйымдағы көрсеткіші – 2 жеңіс және 2 жеңіліс.