Рыбакина АҚШ-тағы турнирде үздік нәтижеге қол жеткізді

Рыбакина АҚШ-тағы турнирде үздік нәтижеге қол жеткізді
Теннис

Елена Рыбакина. Сурет: Getty Images

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Майамиде өтіп жатқан WTA 1000 турнирінде үздік нәтижеге қол жеткізді, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Отандасымыз ширек финалда америкалық Джессика Пегулаға қарсы өткізген матчында 15 эйс жасаған. Жарыстың бұл кезеңінде бірде-бір теннисші бұндай нәтиже тіркемеген.

Айта кетейік, Елена Рыбакина Miami Open турнирінің жартылай финалында Арина Соболенкоға қарсы ойнайды.