Оқжетпес клубына жаңа директор тағайындалды
Футбол
Көкшетаулық Оқжетпес футбол клубының директоры қызметіне Ербол Қайыров тағайындалды, деп хабарлайды Sports24.kz
Жаңа басшының алдына клубты дамыту, басқару тиімділігін арттыру және спорттық нәтижелерді жақсарту бойынша нақты міндеттер қойылған. Жақын уақытта ол ұжымға таныстырылып, ресми түрде қызметіне кіріседі.
Ербол Қайыров — Ақмола футбол мектебінің түлегі. Ұзақ жылдар бойы журналистика саласында еңбек еткен. Сонымен қатар Қазақстан футбол федерациясы мен Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы құрылымдарында жұмыс істеп, ұлттық және жастар құрамаларында баспасөз атташесі әрі скаут қызметтерін атқарған.
2013 жылдан бері Qazsport және Хабар телеарналарында тұрақты комментатор ретінде танымал.