Тони Кроос мансабын қайта жалғастыру туралы сөз қозғады

Тони Кроос мансабын қайта жалғастыру туралы сөз қозғады
Футбол

Champions League

Бұрынғы Реал Мадрид жартылай қорғаушысы Тони Кроос кәсіби футболға ойыншы ретінде оралу мәселесіне қатысты пікір білдірді.

Неміс футболшысының айтуынша, ол мансабын толыққанды аяқтаған және қайта оралу жоспары жоқ.

«Қайта оралу туралы ойладым ба? Жоқ. Мен мансабымды өзім қалағандай аяқтадым. Бұл кезеңді толық жаптым. Тіпті оралу мүмкіндігі болса да, мансапты бұдан жақсы аяқтау мүмкін емес деп есептеймін», — деді Тони Кроос.

Айта кетейік, Тони Кроос 2024 жылы кәсіби мансабын аяқтаған. Ол клубтық деңгейде Бавария, Байер және Реал Мадрид сапында өнер көрсетті. Ал 2010–2024 жылдар аралығында Германия ұлттық құрамасының намысын қорғады.