Қазақ боксшысы түркиялық қарсыласын нокаутпен жеңіп, WBA Asia чемпиондық белбеуін сәтті қорғады (ВИДЕО)
Бокс
WBA Asia
Таиландтың Бангкок қаласында өткен кәсіпқой бокс кешінде қазақстандық Армат Арманұлы маңызды жекпе-жекте өнер көрсетті.
Орта салмақтағы айқаста оның қарсыласы түркиялық, бұған дейін жеңіліс көрмеген Кенан Гюзель болды. Кездесу барысында WBA Asia чемпионы атағы сарапқа салынды.
Жекпе-жек жетінші раундта мерзімінен бұрын аяқталды. Арманұлы қарсыласын дәл соққылар сериясынан кейін жойқын апперкотпен нокаутқа жіберіп, жеңіске жетті.
Осы нәтижемен Армат Арманұлы чемпиондық белбеуін қорғап, кәсіби рекордын 7-1 (5 КО) көрсеткішіне дейін жақсартты. Ал Кенан Гюзель мансабындағы алғашқы жеңілісіне ұшырады.