Қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы халықаралық сыйлықтың номинанты атанды

Қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы халықаралық сыйлықтың номинанты атанды
Қысқы спорт

Михаил Шайдоров. Сурет: Сали Сабиров/ҚР ҰОК баспасөз қызметі

Мәнерлеп сырғанаудан қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров ISU халықаралық сыйлығына номинант атанды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Отандасымыз ISU Skating Awards жүлдесінің “Үздік костюм” номинациясында сынға түседі. Тізімде 16 мәнерлеп сырғанаушы бар. 

Михаил Шайдоровтың Милан-Кортина Олимпиадасында еркін бағдарламасында киген костюмі үздік 16 костюмнің қатарына кірген. Шайдоровтың бұл костюмі отандық дизайнерлер Сәкен Жақсыбаев пен Ақмарал Жарасқызы жасаған. Олимпиада алтынын жеңіп алғаннан кейін Михаил киімін Олимпиада музейіне тапсырған еді. 

Қазіргі таңда жанкүйерлердің дауыс беру кезеңі жүріп жатыр. Бұл кезең 18 наурызға дейін жалғасып, нәтижесінде әр аталымнан үздік үш номинант іріктеледі. Отандасымызға ISU сайтында дауыс беруге болады. 

Жеңімпаздар 29 наурызда Прагадағы әлем чемпионатының банкетінде жарияланады.