Қазақстанда күрестен әлем чемпионаты өтуі мүмкін

Қазақстанда күрестен әлем чемпионаты өтуі мүмкін
Күрес

Olympic.kz

2026 жылғы күрестен әлем чемпионатын өткізу мәселесінде Қазақстан маңызды позицияға ие болып отыр.

Sportkyrgyzstan мәліметіне сәйкес, жарысты қабылдауға басты үміткер қалалардың бірі — Алматы.

Алғашында турнирді Бахрейнде өткізу жоспарланған болатын. Алайда соңғы ақпараттарға сәйкес, бұл жоспар өзгеріп, жарысты басқа елде ұйымдастыру мүмкіндігі қарастырылуда.

Қазіргі таңда жарысты өткізуге Азияға басымдық беріліп отыр. Халықаралық күрес ұйымы жақын арада ресми шешім қабылдайды деп күтілуде.

Бұған дейін турнирді өткізуге Қазақстанмен қатар Өзбекстан мен Қырғызстан да өтінім бергені хабарланған. Айта кетейік, әлем чемпионаты 24 қазан мен 1 қараша аралығында өтуі мүмкін.