Әлемнің бірінші ракеткасына сүйіктісі сөз салды
Теннис
Арина Соболенко және Георгиос Франгулис. Сурет: Instagram @arynasabalenka
Әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенкоға сүйіктісі, бразилиялық кәсіпкер Георгиос Франгулис сөз салды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Белорусиялық теннисші тұрмыс құруға алған ұсынысы туралы жаңалығымен өзінің Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында бөлісті.
"Сен және мен, мәңгілік бірге. 3.3.2026", - деп жазды Арина Соболенко.
Айта кетейік, Арина Соболенко мен Георгиос Франгулистің жұп екені туралы ақпарат 2024 жылдың көктемінде белгілі болған.