Шаңғымен тұғырдан секіру: жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында ел намысын кімдер қорғайды

Шаңғымен тұғырдан секіру: жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында ел намысын кімдер қорғайды
Қысқы спорт

Илья Мизерных. Сурет: Тұрар Қазанғапов/ҚР ҰОК баспасөз қызметі

Норвегияның Лиллехаммер қаласында шаңғы спорты түрлерінен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты басталды. Бүгін, 4 наурызда, аталған дода аясында шаңғымен тұғырдан секіру жарыстары өтеді, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі ҚР ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Бұл бәсекеде 2026 жылғы Олимпиада ойындарының қатысушысы Илья Мизерных өнер көрсетеді. Сонымен қатар Қазақстан құрамасының сапында Давид Гааль, Артем Мешков, Даниил Калинкин, Виктория Рулева, Анастасия Горунова, Алиса Седова және Алена Свириденко бақ сынайды. 4 наурыз күні қыздар арасындағы жарыстар өтсе, келесі күні ерлер бәсекесі басталады. Бағдарламада командалық жарыстар да бар. Айта кетейік, 2026 жылғы Олимпиада ойындарында Илья Мизерных үлкен тұғырда сегізінші орын алған еді.