Юлия Путинцева WTA 1000 турнирінде әлемнің экс-екінші ракеткасын жеңді
Теннис
Юлия Путинцева. Сурет: Mark Avellino/Anadolu/Getty Images
Қазақстанның екінші ракеткасы Юлия Путинцева Индиан-Уэллстегі WTA 1000 жарысын сәтті бастады, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Алғашқы айналымда Путинцева испаниялық Паула Бадосамен шеберлік байқасып, екі сетте 6:4, 6:2 есебімен жеңіске жетті.
Отандасымыз жарыстың екінші кезеңінде дариялық Клара Тоусонмен сынға түседі.