Елена Рыбакина Дубайдағы жарысты ірі жеңіспен бастады
Теннис
Елена Рыбакина. Сурет: Getty Images
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Дубайдағы WTA 1000 жарысты ірі жеңіспен бастады, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Жарысты екінші айналымнан бастаған отандасымыз алғашқы матчын аустралиялық Кимберли Беррелге қарсы өткізіп, ойында екі сетте 6:1, 6:2 есебімен өз пайдасына шешті.
Рыбакина турнирдегі келесі ойынын бүгін Антония Ружичке қарсы өткізеді.