Николь Шерзингер Софья Самоделкинаға алғысын айтты
Қысқы спорт
Николь Шерзингер. Сурет: Instagram/nicolscherzinger
Танымал әнші, Pussycat Dolls тобының экс-солисі Николь Шерзингер Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі Софья Самоделкинаға алғысын білдірді, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Әнші өзінің Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазба жариялап, онда мәнерлеп сырғанаушымыздың еркін бағдарламасы үшін "Sunset Boulevard" өлеңін таңдап алғаны үшін алғысын айтты.
"Қазақстан құрамасының өкілі Софья Самоделкинаға 2026 жылғы Олимпиадада "Sunset Boulevard" өлеңімен өнер көрсеткені үшін рақмет", - деп жазды әнші.
Спортшының өзі де бұл жазбаға пікір қалдырды.
"Әніңіз үшін сізге көп рақмет! Мен сізді жақсы көремін", - деп жазды Софья.
Айта кетейік, Софья Самоделкина қос бағдарлама қорытындысында Олимпиада ойындарының үздік ондығына енді