Фристайл-акробатикадан Қазақстан құрамасы Олимпиада финалына шыға алмады

Фристайл-акробатикадан Қазақстан құрамасы Олимпиада финалына шыға алмады
Қысқы спорт

Сурет: Тұрар Қазанғапов/ҚР ҰОК баспасөз қызметі

Фристайл-акробатикадан Қазақстан ерлер құрамасы Италияда өтіп жатқан қысқы Олимпиада ойындарында бақ сынады. Роман Иванов, Асылхан Асан, Дінмұхаммед Райымқұлов және Шерзод Хаширбаев алғашқы іріктеу кезеңінде сынға түсті, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Екі іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша Роман Иванов өзінің үздік мүмкіндігінде 105.75 ұпай жинап, жалпы есепте 13-орынға жайғасты. Шерзод Хаширбаев үздік талпынысында 98.67 ұпай еншілеп, 16-орынға ие болды. Ал Асылхан Асан 93.21 ұпаймен 18-орынға тұрақтаса, Дінмұхаммед Райымқұлов 90.50 ұпаймен 19-орыннан көрінді. Осылайша отандастарымыз финалға өте алмады.

Айта кетейік, іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша үздік 12 спортшы финалға жолдама алады.