Олимпиада-2026: бүгін Софья Самоделкина Олимпиада ойындарының жүлдесіне таласады
Қысқы спорт
Софья Самоделкина. Сурет: Сали Сабиров / ҚР ҰОК баспасөз қызметі
Италиядағы XXV қысқы Олимпиада ойындарының кезекті жарыс күнінде Қазақстан құрамасы мәнерлеп сырғанауда жүлдеге таласады, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Софья Самоделкина бүгін еркін бағдарламада сынға түседі. Отандасымыз қысқа бағдарламасы үшін төрешілерден 68.47 ұпай алған және аралық есепте 12-орынға тұрақтады.
Әйелдердің еркін бағдарламасы Астана уақытымен сағат 23:00-де басталады деп жоспарланған.
Сонымен қатар, бүгін фристайл-акробатикадан Қазақстан ерлер құрамасы іріктеу сайыстарында бақ сынауы керек болған. Алайда Ливиньодағы ауа райының қолайсыздығына байланысты жарыс кейінге шегерілді.