Олимпиада-2026: Аяна Жолдас фристайл-акробатикадан іріктеуде сынға түсті
Қысқы спорт
Аяна Жолдас. Сурет: Тұрар Қазанғапов, ҚР ҰОК баспасөз қызметі
Фристайл-акробатикадан Қазақстан құрамасы Италиядағы қысқы Олимпиада ойындарында өнер көрсетуін бастады. Алғаш болып жарыс жолын отандастарымыз арасынан Аяна Жолдас бастады, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Ол жекелей сайыстың іріктеу кезеңінде бақ сынады. Нәтижесінде отандасымыз бірінші іріктеуде 61.11 ұпай жинаса, ал екінші іріктеуде 57.10 ұпай еншіледі. Осылайша қос кезеңде де 17-орынға тұрақтады. Ал жалпы есепте 21-орынға ие болды.
Айта кетейік, финалға әр кезеңде үздік алтылыққа енген спортшылар жолдама алды.